Павлодарское және Мичурино ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарское және Мичурино ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды

19.06.2015
Павлодарское және Мичурино ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды

Олар – Павлодар ауданының Мичурино және Павлодарское ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаториялар.

Бұл «Денсаулық сақтау саласына 350 нысан» атты мемлекеттік бағдарламаның жемісі.

Павлодарское ауылындағы 50 орындық амбулатория құрылысына бюджеттен 129 млн теңге қаржы бөлінді. Жаңа мекемеде 13 медициналық маман жұмыс істейді.  

Биылғы жылы облыстық бюджеттен денсаулық сақтау саласын дамытуға 35 млрд теңге қаржы қарастырылған. Жыл аяғына дейін аймақтың ауылдық жерлерінде тағы алты медициналық мекеме ашылады.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу