Ағзам Әлдешев медицина саласында 23 жылдан бері еңбек етіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағзам Әлдешев медицина саласында 23 жылдан бері еңбек етіп келеді

18.06.2015
Ағзам Әлдешев медицина саласында 23 жылдан бері еңбек етіп келеді

Дәрігер мамандығы қателікті кешірмейді. Ант берген соң адал еңбекті талап етеді. Сондықтан, операцияның сәтті өтуіне тек хирургтың емес, медбике, санитарлардың қосатын үлесі де салмақты.

23 жыл медицина саласының барлық сатысынан өткен алматылық дәрігер-хирург  Ағзам Әлдешев осылай дейді.

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының кардиохирургия бөлімшесінде үш айдан астам уақыт ішінде 64 науқастың жүрегіне ашық операция жасалды.

Бұрын мұндай операциялар 8 тіпті, 12 сағатқа дейін созылса, қазір жаңа технологиялардың көмегімен небәрі 2,5 сағатта аяқталады.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу