Бірлесе жұмыс атқару ісін 1996 жылы Мырзакәрім Алшынбаев ұсынған еді. Міне, сол бастама ақиқатқа айналды. Енді аталған елдер бір-бірімен тығыз тәжірибе алмасып, медицинаның дамуына күш салады.
Қауымдастық білім беру деңгейін бір жүйеге түсіруді көздейді. Мәселен, бүгінде әр мемлекет өз бағдарламалары арқылы оқытады.
Сондықтан, алдағы уақытта урологтар ортақ бағытты таңдап, сол арқылы тәжірибе жүргізеді. Сонда, біліктілік бір арнаға түсіп, медицина саласы ілгері басады.
Одан кейін жаңадан түзілген қауымдастық төрағасы сайланды. Бірауыздан дәрігерлер Мырзакәрім Алшынбевты ТМД урологтар қауымдастығының басшысы деп таныды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ