Қарағандыда медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті. Жыл сайынғы дәстүрлі шара биыл 17-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Облыстың барлық аймағынан келген мыңнан астам дәрігер 17 командаға бөлініп, жарысқа түсті. Жеңіл атлетика, үстел теннисі және шағын футбол мен тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен қарым-қабілеттерін ортаға салды.
Ақ халаттылар жиналған қауым алдында салауатты өмір салтын осылайша насихаттады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ