Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады

29.05.2015
Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады

Қызылордалық дәрігерлер «Донор бол!» акциясын бастады. Шараға алғашқы болып  облыстық медициналық орталықтың қызметкерлері үн қосты.

Бұған дейін өңірдегі оқу орындары мен мекемелер белсенділік танытып келген.

Облыстық қан орталығында жылына 5 тоннаға жуық қан жиналып, одан 35 түрлі өнім дайындалып, тиісті мекемелерге жіберіледі.

«Алайда, бұл  аздық етеді», дейді мамандар. Сондықтан да, «Донор бол!» акциясын жиі өткізіп тұрады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу