Қарағандылық дәрігерлер заманауи медициналық құралдың көмегімен инновациялық емдеу тәсілдерін тәжірибеге енгізуде.
Облыстық балалар клиникалық ауруханасының хирургтары бүйректі орнына қоюдың жаңа тәсіліне ота жасауды дендеп меңгерген.
Клиникада мұндай жоғары санатты медициналық көмек түрі 2010 жылдан бері республиканың әр аймағынан келген 50 балаға көрсетілген.
Облыстық балалар клиникалық ауруханасының профессор-докторлар құрамы лапароскопиялық нефропексиялау әдісіне Әділет министрлігінен патент алған.
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ