Оның айтуынша, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша былтыр 500 мың халыққа «А» гепатитіне қарсы вакцина егілген.
«2014 жылы бюджет қаражатын игеруде толықтай ұлғайтуға қол жеткіздік. Бюджет әлеуеті барынша іске асырылды. Әлеумет және денсаулық салаларына баса көңіл бөлінді», - деді Б.Сұлтанов.
Мәселен, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы» бойынша 9 мыңға жуық несие берілді, ал 7 мың кәсіпкер ісін ашыпты.
Индира БЕГАЙДАР