Ақтөбе өңірінде жүрек-қан тамырлары патологиясына шалдыққан ауруларды емдеу толық жолға қойылған.
Ақпан айында алғашқы бүйрек ауыстыру операциясы сәтті өтті. Жыл соңына дейін тағы он трансплантация жасау жоспарланған.
Саланың материалдық-техникалық базасы да жақсарып келеді. Соңғы үш жылдың өзінде облыста 26 медициналық нысан бой көтерді.
Ал, келер жылы туберкулезге қарсы диспансер мен қалалық жедел жәрдем бекетінің төрт бөлімшесінің құрылысы басталады.
Жақсыбек КЕМАЛ