Алматыда Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының ұйымдастыруымен жұқпалы дертпен күресуге бағытталған халықаралық конференция өтті.
Алқалы жиынға алыс-жақын шетелдің белгілі ғалымдары қатысып, баяндама жасады.
Соңғы 10 жылдағы туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асырудың арқасында дерт 55 пайызға төмендеген.
«Дерттің әсерлі шипасын табу жолында оңтүстіккореялық мамандар қазақ ғалымдарымен бірігіп, тығыз қызмет етудеміз. Осындай іс-шаралар Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосады деп сенемін», дейді «Bio Focus Co.LTD» компаниясының президенті Джэки Со.
Құлмахан САЛЫБЕК