Өткен жылдың өзінде облыста мыңға тарта бала пневмония ауруына шалдыққан. Ал, екпе жасалған балдырғандар арасында аталған індетке шалдыққандар тіркелмеген.
Мұны өзге өңірлердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Естеріңізге сала кетелік, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында пневмококк індетіне қарсы иммундау 2010 жылы басталды. Ол еліміздің әр аймағында кезең-кезеңмен жүзеге асуда.
Рауан ДИӘЛИ