Емханада жүрек-қан тамырлары ауруынан бастап, обырға дейін ота жасап, емдей алады. Мұның барлығы соңғы технологиямен жабдықталудың арқасында.
Бір күнде аудандық аурухана 2-3 мың кісіге медициналық жәрдем көрсетеді. Әрине, мұндай ауыр графикке шыдас беру оңай шаруа емес. Тиісінше мұндағы 142 дәрігердің түгелі кәсіпқой, өз ісінің шеберлері.
Алайда, ең маңызды екі құрылғы жетпей жатыр. Олар - компьютерлік томографиялық аппарат және магнитті-резонансты томограф.
Нұрбек БЕКБАУ