Бүгінде жүрек-қан тамырларына күрделі операциялар жасауда бұл ұжым тәжірибе жағынан ел көлемінде алдыңғы қатарда тұр.
Мұнда жылына 400-ден астам операция жасалып, инфаркт алған 700 адамға ем-дом көрсетіледі.
Орталық екі жыл бұрын 1 миллиард теңгеден астам қаржыға заманауи медециналық аппараттармен жабдықталды.
Шетелдік әріптестерімен де тығыз қарым-қатынаста. Мұның барлығы елдегі саяси-экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік ахуалдың жақсы екендігін көрсетеді.
«Осындай жетістікке жетуіміз тікелей мемлекеттік бағдарламалардың, жүргізіліп отырған саясаттың арқасы»,-дейді дәрігерлер.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ