Қызылшаға қарсы екпе жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылшаға қарсы екпе жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды

04.03.2015
Қызылшаға қарсы екпе жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды

Республика бойынша қызылшаға қарсы екпе жұмыстары мамыр айына дейін тоқтатылды.

Қазір мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер жағдай қалыпты болса, яғни, екпенің зияны табылмаса, жұмыс әрі қарай жалғасады.

Екпе егілген күннен бастап, осы кезге дейін 300-ге жуық адам денсаулығының күрт нашарлағанын айтып шағымданған.

Вакцинадан кейін жасөспірімдер өздерін жайсыз сезініп, тіпті кейбірі ес-түссіз құлаған.

Ал, денсаулық сақтау ұйымының мамандары бұл жағдайдың қалыпты екенін айтып, ата-аналардың еш алаңдамауын сұрап отыр. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу