Астанада қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі

14.02.2015
Астанада қызылшаға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі

16-28 ақпан аралығында елордада қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау жұмыстары жүргізіледі.

Шара аясында 15-19 жастағы тұрғындар арасында 31500 адамға екпе жасау көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау қызметкерлері екпе жұмыстарын қалалық емханалар, мектептер, жоғары және орта білім мекемелері секілді 142 орталықта жүргізбек.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, 2012 жылдан бері елімізде қызылшамен ауру деңгейі артқан.  

Ал, 2014 жылы қалада 30 адамнан аталған диагноз түрі расталды.

Хабарламаларға жазылу