Неміс кәсіпкерлері Қазақстан экономикасына қаржы құюға ниетті. Қазақ еліндегі тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық климат шетелдік инвесторларды қызықтырып отыр.
Бұл туралы Франкфуртта өткен басқосуда белгілі болды. Жиында бизнес өкілдеріне еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық бағдарламасы таныстырылды.
Қазақстан Германияға мұнай тасымалдау арқылы бүкіл Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосып отыр.
Ел экономикасының әлеуетін көтеруде отандық өнімді пайдаланып, «Қазақстанда жасалған» тауарлардың үлесін көбейтуге басымдық беру немістерді тәнтті етті.
Нұрсұлу ҚАСЫМ