Қазір еліміздегі әр он адамның тоғызының тісі ауырады. Бірақ, бәрінің бірдей ем-дом алуға қалтасы көтермейді.
Миллиондаған қаражатқа имплант салмақ түгілі, тіс емханасының табалдырығын аттай алмай жүргендер бар.
Мәселен, дәрігер кеңесі 1000 теңгеден басталады. Тіс жұлдыру 2000-10000 мың арасы, пломба қойдыру 8-15 мың, қисайған тісті түзету 60 мыңнан басталып, 200 мың теңгеге дейін барады.
Тісті протездеудің ең арзаны - 20 мың.
Бағаның мұншалықты шарықтауына мамандардың айтар уәжі бар.
Шынар АСАНҚЫЗЫ