Қазақстан денсаулық сақтау саласының жетістіктері бойынша ТМД елдері ішінде үшінші орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан денсаулық сақтау саласының жетістіктері бойынша ТМД елдері ішінде үшінші орында тұр

24.12.2014
Қазақстан денсаулық сақтау саласының жетістіктері бойынша ТМД елдері ішінде үшінші орында тұр

Биыл 6 адамға жүрек салыныпты. 200-ден астам науқастың ағзасы ауыстырылған.

Қазір елімізде трансплантацияға оң көзқарас пайда болды. Оған дәлел - соңғы екі жылда 9 адамның жүрегі ауыстырылды. Оның алтауы биыл жүзеге асқан.

215 адамның бүйрегі, бауыры және ұйқы безі ауыстырылыпты. Былтыр бұл көрсеткіш 163 болған.

Айта кету керек, бұрындары трансплантация тек Астана мен Алматыда жасалатын, қазір оған Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент қосылды. Яғни, ағза алмастыру бұған дейін 5 ауруханада жүзеге асса, қазір ол көрсеткіш 10-ға жетті.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу