Өскеменде сал ауруына шалдыққан баланың өмірі туралы фильм көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде сал ауруына шалдыққан баланың өмірі туралы фильм көрсетілді

10.12.2014
Өскеменде сал ауруына шалдыққан баланың өмірі туралы фильм көрсетілді

Әлеуметтік драма жанрында түсірілген фильм әр азаматты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық көрсетуге, олар үшін кедергісіз орта құруға үндейді.

Сонымен қатар, бұл күні дәл осы тақырыпта дөңгелек үстел де ұйымдастырылды.

Жиын барысында БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асқан 28 жобаның нәтижесі таныстырылды. Жобалардың жалпы құны 30 миллион теңгеден асады.

Облыстың әрбір қаласы мен ауданынан келген өкілдер өңірлерінде жүзеге асып жатқан жобалар туралы әңгімеледі және өздерінің көкейінде жүрген мәселелерді айтты. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу