Денсаулығында осындай кінәраты бар адамды қайта қатарға қосу өте қиын, әрі емі де қымбат. Шамамен 30 мың еуро тұрады.
Оның өзінде толық жазылып кетуі екіталай көрінеді.
Осы мәселені шешудің жолдары мен заманға сай ем-дом тәжірибелері туралы Қарағандыда өткен халықаралық конференцияда жан-жақты талқыланды.
Мамандардың айтуынша, жүйке ауруларының жиілеуіне көптеген себеп бар.
Шолпан Омарова, Қарағанды Мемлекеттік медицина университеті неврология кафедрасының доценті:
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік жағдай, стрестік жағдайлар, эмоционалдық күйзелістер, диагностиканың кешіктірілуі, сонымен қатар, мамандардың жетіспеушілігі де жүйке жүйесі ауруларына әкеледі.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ