Қазақстанның көлік-логистикалық саласы тұрақты дамуда – Абдур-Рашид Сәкенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның көлік-логистикалық саласы тұрақты дамуда – Абдур-Рашид Сәкенов

20.03.2015
Қазақстанның көлік-логистикалық саласы тұрақты дамуда – Абдур-Рашид Сәкенов

Осы жолдарды жағалай жаңа елді мекендер пайда болды. 20 мың отандасымыз жұмыс тапты.

Сондай-ақ, теңіздегі құрғақ жүк тасымалын дамыту да маңызды рөлге ие. Еліміздің батысында «Құрық» портының құрылысы жүруде.

Аталған порт халықаралық көліктік логистикалық тізбектің Қазақстан арқылы өтуіне ықпал етпек.

Еліміздің шет мемлекеттерде де өз порты бар. Қытайдағы Ляньюньган кешені қазір табысты жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, Астана әуе жайын жаңғырту жобасы қолға алынған. Терминал іске қосылған соң, сағатына 1775 жолаушы еркін өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу