Қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны көбеюде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны көбеюде

23.10.2014
Қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны көбеюде

Қазақстанда жылына шамамен 33 мың науқас тіркеледі екен. Бұл туралы бүгін халықаралық конференцияда айтылды.

Астанада өткен семинар дәрігерлердің біліктілігін арттыру, онкологиялық аурулардың алдын алу және дәрі-дәрмек терапиясын дамыту жолдары қарастырылды.

Мамандардың айтуынша, елімізде өкпе, сүт бездері, асқазан мен терінің қатерлі ісігі көбейіп кеткен. Сондықтан әр адам тегін скринингтен өтіп тұру тиіс.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу