Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласынан Амангелді Құлатаев деген азаматтан редакциямызға хат келіп түсті. Онда 1994 жылы жол апатынан оның сол қолы иықтан кесілгені айтылады.
«Сол жарақаттың орны жазылғанымен, соңғы кездері іші жан шыдатпай ауыртады. Облыстық, қалалық ауруханаларда бірнеше рет ем алдым, алайда ауру басылатын емес. Дәрігерлер травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтына жолдама берген. Бірақ олардан: «Жергілікті мамандар емдейді» деген жауап келіп, өздеріне қабылдамай отыр. Ал, мұндағылар дертіме дауа таба алатын емес. Мені квотамен Астана немесе Алматы қалаларындағы ірі клиникаларға жіберуге бола ма?»,-дейді көрермен.
Бұл хатқа жауапты Маңғыстау облысының бас травматологы Жансерік Шаухымбердиев берді.
Жазира ӘБІЛ