Түсік жасатуға заңмен тыйым салу қажет пе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түсік жасатуға заңмен тыйым салу қажет пе?

08.10.2014
Түсік жасатуға заңмен тыйым салу қажет пе?

Қазақстанда жылына 80 мыңға жуық түсік жасалады. Ал қыздар арасындағы бедеуліктің әрбір бесіншісі осы түсік жасатудың салдарынан. Бұл ақпаратты бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігің өкілі айтты.

Қазір Қазақстанда 1000 адамның 18-і түсік жасатады. Бұл әлем елдерімен салыстырғанда жоғары. Мысалы, Еуропада 1000 әйелдің тек 3, кейде жетеуі ғана түсік жасатады.

Отбасы құндылықтары және оны жоспарлау тақырыбында өткен брифингте тиісті орган өкілдері түсік жасатуға заңмен тиым салу мәселесіне қатысты да өз ойларын білдірді. Мамандардың сөзінше, «түсік жасатуға ресми тиым салу мәселені түпкілікті шешпейді. Керісінше ресми тиым салу қылмыстық түсік жасату фактілерінің күрт өсуіне әкеліп соғады».

Сарапшылардың сөзінше, түсік жасаудың технологиясын өзгерту керек, яғни хирургиялық жолмен емес арнайы дәрі-дәрмек қолданып, ағзаға барынша зиянсыз етудің жолдарын іздеу керек.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу