Бүйрек ауыстыру операциясы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүйрек ауыстыру операциясы жасалды

08.10.2014
Бүйрек ауыстыру операциясы жасалды

Қызылордада алғаш рет бүйрек ауыстыру операциясы сәтті жасалды. Ұзақ жылдардан бері аурудың азабын тартқан Ердәулет Бозғұловқа қарындасы бір бүйрегін берді. Қазір екеуінің де жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер енді бірер айдан кейін Ердәулет дертінен құлан-таза айығып, толыққанды өмір сүреді, дейді. Бұл операция бүйрек трансплантациясына мұқтаж басқа да қызылордалықтардың жүрегінде үміт отын жақты.

Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының алтын қолды хирургтары жасаған операцияға қызылордалық дәрігерлер де атсалысты. Облыстық медициналық орталықта ағза ауыстыру секілді күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік бар. Құны 5 миллиард теңгеге жуық  заманауи құрылғылар арқылы кеселдің кесірін тартып жүрген қызылордалықтарды қыр асырмай емдеуге болады.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу