Өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкері жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкері жазаланды

23.09.2014
Өз ісіне салғырт қараған медицина қызметкері жазаланды

Маңғыстау облысы, Басқұдық ауылында баланы бесікте қинап ұстап, мүшкіл халге жеткізгені туралы іс әлі де тексеріліп жатыр.

Бір жастан енді асқан Бекнұр Мырзаны уақытында қарамай салғырттық танытқан бірқатар медицина қызметкері жазаланды.

Олардың науқасқа жіті мән бермеуіне маман тапшылығы да себеп көрінеді.

Мәселен, 9 балалар дәрігерінің орнына 4 маман, ал 800 баланы бақылауы тиіс педиатрлар, 2 мың сәбиге көмек көрсетеді.

Жазира ӘБІЛ

 

Хабарламаларға жазылу