Кәсіпкерлер арасында мемлекеттік қызметтің 40 түрі бойынша мониторинг жүргізген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осындай қорытынды жариялады.
Мамандардың айтуынша, 40 қызметтің 19-ы жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілсе, 21-і орталық мемлекеттік органдардың еншісіне тиесілі.
Кәсіпкерлер Маңғыстау, Қызылода және Алматы облыстарында көрсетілетін қызмет түрлеріне көп шағымданған.
Әсіресе, халыққа қызмет көрсету орталықтарында заңбұзушылық әркеттері жиі кездескен.