Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiне сүйенсек, халықты қан компоненттерiмен қамтамасыз ету үшiн 1 мың адамға 40-60 донордан келеді. Ал біздің елде 1 мың адамға 17-18 адам ғана қан тапсырады.
2 миллионға жуық тұрғыны бар Алматыда 2 қан құю орталығы бар. Бірі – республикалық, екіншісі – қалалық. 21 медициналық ұйымды қанмен қамтамасыз етеді.
Қалалық қан құю орталығына күніне 100, жылына 20 мыңға жуық адам қан тапсырады. Оның 500-і тұрақты донорлар.
Жазира ИСАЕВА