Мүгедектер үшін жауырға шалдығу - үлкен мәселе. Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығында 1200 мүгедек бар. Оның 300-і арбаға таңылған.
Терісі қабынып, жауыр болған оларға толық ем алатын орталық қажет.
Бірлестік жанынан құрылған Кеңес және ақпарат орталығы осы мәселемен күресуді қолға алды.
«Қасіретті дерт дендей бастағанда күресіп, аурудың не екенін, күтіну жолын білу керек», дейді І топтағы мүгедек Аманжол Әлімов.
Әлия ТАЛАСОВА