Ақтауда «Денсаулық жолы» акциясы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Денсаулық жолы» акциясы өтуде

14.07.2014
Ақтауда «Денсаулық жолы» акциясы өтуде

Маңғыстау облысының Дәулет ауылына жылжымалы медициналық кешен жетті. «Денсаулық жолы» акциясы аясында шалғай ауылдағы тұрғындарға 2 ай бойы сапалы медициналық көмек көрсетіледі.

Кардиолог, көз дәрігерінің кеңесі беріліп қана қоймай, ультрадыбыстық зерттеу де жасалады. Ауылдарда жоғары дәрежелі медициналық жәрдем беру үшін шұғыл сараптамалар да жасалуда.

Бұл шара қарапайым халыққа скринингтік тексеруден өтуге мүмкіндік береді, дейді мамандар.

Жанқыз Сүгірова, ауыл тұрғыны:

Бізге қалаға қатынау қиын. Қасымызда жүретін бір адам керек. Осылай дәрігерлер келіп, тексеріп  тұрғаны жақсы. Тексерілуге келіп тұрмын. Асқазаным ауырады.

Сәбира Қабылбайқызы, жылжымалы медициналық кешеннің аға медбикесі:

30 секунд ішінде құралдармен қан құрамындағы қант өлшенеді. Биохимиялық анализдер аламыз. Олар 20 минутта дайын болады. Бес түрлі анализ бар.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу