Павлодар облысында 6 айда 74 адам АИТВ жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 6 айда 74 адам АИТВ жұқтырды

12.07.2014
Павлодар облысында 6 айда 74 адам АИТВ жұқтырды

Адамның иммунитет тапшылығы вирусының таралуы бойынша Павлодар облысы алдыңғы үштікке шықты. Мәселен, осы жылдың алты айында74 адам қатерлі дертті жұқтырды. Әсіресе, ауылдық елді мекендердің тұрғындары арасында көп таралып барады.

Лебяжі, Шарбақты, Железинка аудандарында жұқпалы иммун тапшылығы синдромына шалдыққандар саны артып отыр. Олардың арасында 15 пен 17 жас аралығындағы оқушылар да бар.

Бұл ауру бұрындары нашақорлар мен жеңіл жүріске салынған әйелдер арасында ғана кездесетін. Қазіргі бет алысы мүлдем басқа. Ауруды жұқтырған адамдардың 51 пайызы отбасылы, бала тәрбиелеп отырғандар.

Роза Апаева, жұқпалы иммун тапшылығы синдромының алдын-алу орталығының бас маманы:

Тіркелген 74 жағдайдың арасында 38 адам жұмыс істейді. Аяқ-қолдары дұрыс. Жұмыстары бар, отбасылары бар. Сондай адамдардың арасында тіркеліп отыр.

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу