Астанада үш күнде 16 ерекше операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада үш күнде 16 ерекше операция жасалды

19.06.2014
Астанада үш күнде 16 ерекше операция жасалды
Үш күнде 16 ерекше операция. Астанадағы кардиохирургиялық орталықта жүрегінің ақауы бар науқастарға ресейлік хирургтің қатысуымен 16 операция жасалды.
 
1 жастан 19 жасқа дейінгі балғындардың жүрегіне жасалған операцияның ерекшелігі сол – қазір бұрынғыдай жүрек тұсын көп көлемде тілмейді. Жұмыс бар болғаны көлемі 3 сантиметрлік тілік арқылы жүзеге асады.
 
Қазір 16 баланың да жағдайы жақсы. Балғындардың 80 пайызы - бөбектер. Ең кішісі 1 жаста, көбі 3-4-тегі балғындар. Тағы біреуі 13 жаста, ең үлкені 19-да. Олар жақында үйлеріне шығарылады. 
 
Айдана Бекенова, Байқоңыр қаласының тұрғыны:
Тамақты жақсы жейді, бірақ салмақ қоспады. Көгеретін еді, аузының маңайы. Қазір оның бәрі кетті. Тамаққа тәбеті де өзгерді. Шаршайтын бұрын, әлсіз тұғын. Қазір бәрі өзгерді. Алғысым шексіз.
 
Сәуле Қадырова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ интервенсиялық кардиологы:
Бізге шеберлік сабағын өткізген ресейлік атақты хирург осы кезге дейін 200-ден астам операция жасаған. Біз дәрігерден біраз нәрсе үйрендік. Енді мұндай операцияны өзіміз жасай береміз.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу