Қазақстанда соңғы екі жылда бес адамның жүрегі алмастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда соңғы екі жылда бес адамның жүрегі алмастырылды

18.06.2014
Қазақстанда соңғы екі жылда бес адамның жүрегі алмастырылды
Халық арасында трансплантацияға деген оң көзқарас пайда болды.
 
Бұлай дейтін себебіміз, соңғы екі жылда бес бірдей адамның жүрегі алмастырылды, оның екеуі бір айдың ішінде жүзеге асты.
 
Астанадағы кардиохирургиялық орталықта мамырдың 29-ы күні 58 жастағы науқастың жүрегіне операция жасалған еді. Араға 10 күн салып, маусымның 10-ы күні 32 жастағы жігіттің жүрегі алмастырылды.
 
Науқас 2007 жылдан бері ағзаға мұқтаж жандардың кезегінде тұрған. Ал, донор - Петровал қаласының тұрғыны.
 
Ми өлімі расталған науқастың туыстары оның ағзаларын ауыр халде жүрген адамдарға беруге келісімін беріпті. Осылайша, 40 жастағы жігіт 4 адамға өмір сыйлады.
 
Махаббат Бекбосынова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
Халық арасында трансплантацияға деген оң көзқарас пайда болды. Бұл бізді қуантады. Мұның барлығы Сіздердің, яғни, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арқасында жүзеге асып жатыр. Қазір баспасөз беттерінен, телеарналардан ағзаға мұқтаж жандарға қолұшын беру керектігі туралы көптеген мақала мен сюжеттер көріп жүрміз. Оның барлығы көрермендерге әсер етпей қоймайды.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу