Маусым айының үшінші жексенбісі - Медицина қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекені күнгейдің дәрігерлері кең көлемде атап өтті.
Айтулы шарада облыстық клиникалық аурухананың үздік қызмектерлері түрлі номинация бойынша марапатталып, ерекше сый-құрметке бөленді. Өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жандарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Төл мерекесін атап өткендер сондай-ақ, бұл күні танымал әншілермен ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды.
Айта өтейік, 1300-ден аса қызметкері бар емдеу мекемесі соңғы жылдары 300 миллион теңгенің медициналық құрал-жабдықтарымен қамтылған.Өткен жылдың өзінде 23 мың науқас осы клиникада ем қабылдаған.
Фатима Беспаева, дәрігер- пульмонолог:
Күні-түні жұмыстамыз. Халықтың денсаулығын арашалаудамыз. Біздің еңбегімізді бағалағанына көп-көп рахмет.
АйнұрАҚБАЕВА