Транспорттық логистикалық сала тұрақты дамуда. Бұл сөзімізге келесі кесте дәлел. Жыл сайын аталған сала 8-10 пайыз өсім көрсетуде. Өткен жылы транспорттық-логистикалық қызмет саласы жалпы ішкі өнімнің 7,5% құраса, соңғы 3 жылда жүк тасымалы 28% өсті
Жыл сайын жолаушылар тасымалы 10%-ға өсуде. Мысалы, 2011 жылы Қазақстандық авиакомпаниялар 4,1 милион жолаушыны тасымалдаса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 5,5 милион жолаушыға жеткен. Көкшетау, Тараз, Талдықорған және Орал қалаларының әуежайларындағы ұшып-қону жолақтары қайта жарақталды.