Астанадағы перинаталды орталық қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы перинаталды орталық қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті

13.06.2014
Астанадағы  перинаталды орталық қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті
Астанадағы  № 1 перинаталды орталықтың қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті.
 
Дәрігерлерді «Нұр Отан» партиясының өкілдері құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.
 
Сондай-ақ, ақ халаттылар медициналық мекеме басшысының да алғысына ие болды.
 
Салтанатты шараға мына кішкентай үшем арнайы шақырылған. Олардың ата-анасы  - осы мекеменің қызметкерлері.
 
Ерлан Есіркеп - рентгенолог, ал, Венера Айтелесова – акушер-гинеколог.
 
Сәбилер өткен жылы дәл осы перзентханада дүниеге келген. Содан бері ерлі-зайыпты дәрігерлер мен олардың балғындары  осы орталықтың бақылауында.
 
Жалпы, бұл мекемеде  600-ден астам адам қызмет етеді. Күніне 25, кейде 40-қа жуық нәресте дүниеге келеді. Өткен жылы екі үшем туса, жыл басынан бері бір үшем дүниеге келген.
 
Валентина Гергерт, №1 перинаталды орталығы директорының орынбасары:
Бізде үш ерлі-зайыпты бар. Барлығының да балалары осы жерде дүниеге келді. Оларды назардан тыс қалдырған емеспіз. Осындай мерекелік шараларда әріптестеріміз бізді, біз оларды құттықтаймыз.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу