Бұл туралы бүгін ІІ Халықаралық қазақ-түрік неврология конгресінде айтылды. Елімізде медицина саласы дамып келеді. Бұрын бүйрек алмастыру бір орталықта жасалса, қазір 7 емхана күрделі операция жасайды.
Дәрігерлер бұл жетістікпен тоқмейілсімей, Түркияға барып тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырған.
Венера Алтынова, Ана мен бала орталығының диализ бөлімінің меңгерушісі:
Дәрігерлердің тәжірибесі өте мол. Деңгейі өте жоғары. Барлық әдістерді біледі. Өйткені, бүйрегі істемейтін науқастардың емінде неше-түрлі әдіс болады. Сол әдістің бәрін меңгерген. Оның бәрін істеуге, емдеуге қабілеттері жетеді.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ