Елімізде төртінші рет жүрек алмастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде төртінші рет жүрек алмастырылды

03.06.2014
Елімізде төртінші рет жүрек алмастырылды
Елімізде төртінші рет жүрек алмастырылды. Операция 58 жастағы Александр Епишовқа жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жақын күндері палатаға шығарылады. 
 
Александрға донор болған 55 жастағы науқасқа ми өлімі диагнозы қойылған. Бірнеше ай төсек тартып жатқан ол көзі тірісінде ағзаларын мұқтаж жандарға беруге келісімін беріпті. Осылайша ол бір емес 4 адамға өмір сыйлады.
 
Дәрігерлер оның екі бүйрегі мен бауырын Алматыда кезекте тұрған үш науқасқа салды. Ал жүрек Алматыдан Астанаға трансмедикс деп аталатын құрылғымен жеткізілді.
 
Александрға осыдан 8 ай бұрын жасанды жүрек салынған екен. Ол операциясыз трансплантация жасау мүмкін емес еді. Себебі, науқастың жағдайы тым нашарлап кеткен.
 
Ал жасанды жүрек Александрды 8 ай бойы күрделі операцияға дайындаған. Бұл - жасанды жүректен кейін жасалған алғашқы жүрек алмастыру.   
 
Юрий Пя, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» басқарма төрағасы:
Бұл операцияға бірнеше құрылым қатысты. Әкімшілік, жедел жәрдем, санитарлық авиация, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі. Олар жүректі жарамды етіп жеткізу үшін барлық жағдайды жасады. Ағзаны бір қаладан екінші қалаға жеткізу өте жауапты іс. Астанаға жеткенше уайымдадық.
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ   

Хабарламаларға жазылу