Министрлік «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг компаниясымен және «Гелиос» жанар-жағармай бекеттерімен келісімшартқа отырған. Келісімде автокөліктерге қажетті көгілдір отынды аталмыш жанар-жағармай бекеттері арқылы тарату тетіктері көрсетілген.
Қазір елдегі газ толтыру станцияларының саны 500 ден аспайды. Бұл жеткіліксіз. Айта кету керек, наурыз айынан бастап көгілдір отынның көтерме бағасы тоннасына 11 мың теңгеге дейін төмендетілген. Бұл өз кезегінде тарифтің төмендеуіне сеп болмақ.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ