Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті

24.04.2014
Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты 78 мекеменің бас дәрігерлері қатысты.
 
Олар резиденттер мен интерндерді еліміздің түкпір-түкпіріне қызмет етуге шақырды. Мамандардың айтуынша, кей облыстарда дәрігерлер тапшы. Мәселен, бір ғана Астана қаласына – 349, Ақмола облысына – 244, Солтүстік Қазақстан облысына – 220, Ал, Қостанай облысына – 260 дәрігер жетіспейді.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу