ЭКМО әдісі науқастарға көмектеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКМО әдісі науқастарға көмектеседі

13.03.2014
ЭКМО әдісі науқастарға көмектеседі

Жүректің немесе өкпенің тыныс алу қабілеті нашарлаған кезінде қанды оттегімен қамтамасыз ететін құрылғы науқасқа дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

 
Экстракорпоральді мембраналық әдіс арқылы емдеу мәселесі бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өткен халықаралық конференцияда айтылды.
 
Бұл қосалқы аппарат жүрегі ауырған адамға уақытша орнатылады. Құрылғы кардиорирургиялық операцияға дейін, және операциядан кейін де қолданылады.
 
Мамандардың айтуынша, қан айналымын ретке келтіретін медициналық құрылғы жылына 200-ден аса науқасты аман алып қалуға септігін тигізеді.
 
Ермағамбет Қуатбаев, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі:
Өкпесінің сырқаты бар әйелдерге жүктілікті жалғастыру қауіпті. Осы әдіс арқылы емделу үшін басқа қалалардан келеді. Бұл арқылы әйелдер өз еркімен босана алады немесе медициналық әдістер арқылы олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу