Дәрі-дәрмек өндірумен немесе тасымалдаумен айналысатын мекемелер мемлекет тарапынан жеңілдік болса, дейді. Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту туралы салалалық бағдарламаны негізге алып отандық тауар өндірушілермен келісімге келсе, тапсырыс берсе, біз жеткізіп отырсақ дегенді айтады кәсіпкерлер.
Иә, отандық дәрмек өндірушілердің тауары сапалы-ақ. Тек халықаралық нарыққа шыққандары аздау. Бұл тендерге таласқанда, біздікілерді бір тізімге төмен түсіріп жіберетін фактордың бірі. Одан кейін, отандық кей дәрілері қымбаттау. Себеп - шикізаттың біразын шетелден сатып алады.
Нұрбек БЕКБАУ