Маңғыстаулық мамандар шетел дәрігерлерінің тәжірибесін үйренуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық мамандар шетел дәрігерлерінің тәжірибесін үйренуде

10.02.2014
Маңғыстаулық мамандар шетел дәрігерлерінің тәжірибесін үйренуде
Маңғыстаулық неонатолог мамандар шетелдің білікті дәрігерлерімен тәжірибе алмасып жатыр. Бұл бағытта жергілікті 47 маман арнайы курстан өтуде. Латвия мен Литвадан келген неонатологтар облыстағы неонаталдық хирургияның ілгерілеуіне мұрындық болып отыр.
 
Туу көрсеткіші бойынша республикада алда тұрған аймақ үшін, бұл - сәби өлімін болдырмауға бағытталған алғашқы шара. Сондай-ақ, туа біткен сырқаты бар балалар үшін де шапағатты іс болып отыр.
 
Ләззат Есенғалиева, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Мәселен, Эстонияда 1000 бала дүниеге келсе, 8-9 ғана өлім-жітім болады екен. Қазір біздің перинаталдық орталықта дәрігерлеріміз сәбилер шетінеуін болдырмау үшін 3 бағытта оқып, дәріс тыңдап, тәжірибе алмасуда.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу