СПИД-ке шалдыққандарға енді қызметтің жаңа түрі көрсетілмек, Яғни, SMS жолдау арқылы дәріні дәл мерзімінде қабылдау уақыты ескертіледі. Колумбия университетінің арнайы бағдарламасы ұсынған жоба Қазақстанның үш аймағында, яғни, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында іске асырылмақ.
Мәселен, Павлодарда өткен жылы ВИЧ таяқшасын жұқтырған 160 адам анықталды. Қазір есепке алынғандар саны 1 300-ге жуықтады.
«Сондықтан, аурудың алдын алуда Африка елдерінің тәжірибесіне сүйену нәтижелі болмақ», дейді отандық мамандар.
Түйіршік дәріні сақтайтын мынандай эдектронды қораптарды жақын уақытта облыстардағы СПИД-ке қарсы күрес орталықтарынан алуға болады. Бұл приборлар дәріні ішер уақытта түрлі дыбыс шығарып, иесіне белгі береді.
Марина Сорокина, облыстық СПИД-ке қарсы күрес және аурудың алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі:
Біздің орталықта есепте тұрғандардың 58 пайыздан астамы - нашақорлар. Оларұмытшақ,емдікшаралардыуақытындақабылдағыларыкелмейді. Сондықтан,Колумбия университетінің жобасы нәтижелі болады деп есептеймін. Бағдарламаның қаржылық шығынын аталған университет көтереді.Ендігі бір мәселе SMS жолдау үшін біз сырқаттардың келісімін алуымыз керек.
БолатАМАНБАЕВ