Автокөліктерге арнайы компьютерлік бағдарламалар орнатылған, ЖПС навигациясы да бар. Оған жергілікті бюджеттен 45 миллион теңге бөлінген.
Облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекен тұрғындарына жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсету және жол апатына ұшырағандарға уақыт оздырмай ем-дом жасау - басты міндет. Бұл мақсатта алда жедел жәрдем 27 темір тұлпармен толығады деп жоспарланған.
Руслан Бектубаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
2014 жылы жедел жәрдем көмегін жақсартамыз. Қазір қай жерде қандай көлік жүр, қай жерде неге кешіккені жазылып тұрады. Сондай-ақ, диспетчер мен фельдшерлердің байланыстағы дауысы таспаға жазылып арнайы базаға сақталады. Бұл сапалы көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.
Жазира ӘБІЛ