2014 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы іске қосылған. Мақсат – агроөнеркәсіптік кешен өкілдерін қолдау. Қарыздан көз ашпай отырған субьектілерге қаржылай көмек көрсету.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту да маңызды мәселе. Мәселен, бөлінген 13,4 миллиард теңге, 44,4 миллиард инвестиция тартуға сеп болды. Екі миллиард долларды құрайтын еурооблигация тартылған.
2013 жылдан бері 292 борышкерді қолдау үшін 313 миллиард теңге жұмсалған. Борышкерлерді қолдауға жұмсалатын қаржы көлемі 500 миллиард теңгеге жетті.