Nur Otan партиясының қабырғасында «Жоғары технологияның дамуы» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. Мақсат - ғалымдардың ойлап шығарған жобаларын коммерцияландырып, оны өндіріске енгізу.
«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы басқарма басшысының айтуынша, жұмыстар 2016 жылы басталған. Осы уақытқа дейін үш конкурс өтіп, мықты деген жобалар таңдалып алынды. Олар: құнарлы тыңайтқыштар, мұнай қалдықтарын тазарту арқылы пайдалы зат алу секілді тың жобалар. Сондай-ақ, күнделікті тіршілікте пайдаланатын заттар мен денсаулыққа пайдалы сусындар да бар. Ғалымдардың бұдан да басқа ерекше жобалары көп. Алайда, олар қаржыландыруды күтіп біраз уақыт жатып қалады. «Енді конкурстық түрде ол жұмыстарды коммерцияландырып, өндіріске ұсынамыз», - дейді мамандар.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ