«Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты жиын өтті

19.04.2019

«Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері». Дәл осындай атауды арқау еткен республикалық жиын бүгін Мақсұт Нәрікбаев Қазақ гуманитарлық заң университетінде өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жұмыс келіп түскен.

Бүгін жеңімпаздар марапатталды. Басымдық қазақ тілін үйретуде қолданылған ерекше, тың тәсілдерге берілді. Мемлекеттік тілдің қолданылым аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру тәуелсіздік алған тұстан бастап күн тәртібінен түспеген мәселе. Төл тілімізді тұғырына қондыру үшін билік пен бұқара барын салып келеді.

Қарлығаш Түсіпбаева, М.Нәрікбаев атындағы қазақ гуманитарлық заң университетінің доценті:

Біздің оқушылар неге ағылшын тілін үйреткендей қазақ тілін үйретпейді, деген түсінік бар. Бұл пікірмен келіспеймін. Жаңаша жол таба алмай жатырмыз.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу