Алыс-жақын шетелдерде білім алушылардың қатары артты. Сарапшылар мұны мектеп түлектерінің бірыңғай ұлттық тестін тапсырудан тайсалуынан және гранттардың орынды үлестірілмеуімен байланыстырады. Сонымен, қазақстандық студенттердің дені көрші Ресей мен Қырғызстан мемлекеттеріне, сондай-ақ, Түркия, Чехия, Ұлыбританияға білім қуып кетеді.
Алайда, Америка асқандардың саны салыстырмалы түрде едәуір көп. АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік қызметінің мәліметінше сол елде 2600-ге жуық отандасымыз бар. Калифорнияда – 527, Нью-Йоркте – 476, Массачусетсте – 261, ал Техас пен Флориданы қоса алғанда 200 студентке жетеғабыл.
Камила Мұқұшова, Джордж Мэйсон университетінің студенті:
Менің университетім АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Жас баланың даму кезеңдерін оқып жатырмын. Оқуға түсу үшін мен IELTS тестін тапсырып, уәждемелік хат жаздым. Одан бөлек те құжаттар тапсырдым. Бірінші тоқсанда үйрену қиынға түссе де, кейін үйреніп кеттім. Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесі ұнайды, біздікінен мүлдем бөлек. Оқуымды тәмәмдаған соң біраз осында жұмыс істеп, тәжірибе жинап, елге оралып, халқыма қызмет етемін.
Нысаналы ЫҒЫЛ