Сайыстың бағыты - суды үнемдеу мен СО2 шығындарын азайту. Яғни, оқушылар осыған сәйкес өздерінің әртүрлі экологиялық жобаларын ұсынды. Жалпы, барлығы 200 жоба қатысып, соның 45-і қалалық кезеңге жолдама алған. Ең үздік деп танылған 2 оқушы республикалық кезеңде бақ сынамақ. Сондай-ақ, бәйгеден озып шыққан 10 қатысушыға Ресей лагеріне жолдама берілді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ