Латын графикасын күнделікті өмірге оңтайландырса, халық әліпбиді тез үйренеді – Ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Латын графикасын күнделікті өмірге оңтайландырса, халық әліпбиді тез үйренеді – Ғалымдар

18.03.2019

Қазіргі заманға сай технологиялар арқылы көмекші құралдарды кеңінен қолданып, қоғамдық ғылымдарды одан әрі дамытуға болады.

Алматыда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде бас қосқан тіл білімі ғалымдары осыны айтты. Зерттеушілердің сөзінше, латын графикасын күнделікті өмірге оңтайландырса, халық әліпбиді тез үйренеді. Сондықтан, графиканы игеруде ең бірінші компюьтерлік қосымшалардағы әліпбидің бірізділігін жүйелеу қажет. Сонда бұл жұрттың тұрмысына қажетті әрі тиімді дүниеге айналады. 

Балтабай Әбдіғазиұлы, филология және көптілді білім беру институтының директоры:

Ертеңгі күн ұрпаққа тәрбие, білім беруден басталады. Сондықтан, әліпбидің кішкентай қарпінен бастап, емлелік ережелеріне дейін үйрету, насихаттау, оны сауатты үйренуге негізгі мұрындық болатын осы педагогтар қауымы.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу